Ұлт мәдениеті субмәдениетке ұтылмаса игі

Ұлт мәдениеті субмәдениетке ұтылмаса игі

Ұлт мәдениеті субмәдениетке ұтылмаса игі
ашық дереккөзі
Q-pop және K-pop. Бұл – бізге таныс атаулар. Себебі бұл екі сөз­дің айырмашылығын естіп-білмеген жастар кемде-кем. Субмәдениет өкілдері – жастар қауымы. Өзге­лер­дің мәдениетіне қызығушылық танытып қана қоймай, оған еліктеудің нәтижесінде біздің елімізде де субмәдениет қа­лыптасты. Ал субмәдениет дегеніміз не? Оның қазақ мә­де­ниетіне тән емес тұстары қандай? Осы жөнінде ой бөліссек. «Субмәдениет» терминін аме­ри­калық социолог Дэвид Райзман ал­ғаш рет 1950 жылы енгізген бо­латын. Бұл мәдениеттің қа­лып­тасуы­на музыкалық топтар тікелей ық­пал етті. Салдарынан қарапайым адам­дардың өзі киіну стильдері мен өмір сүру салтында түбегейлі өз­герістер пайда болды. Бұл үр­діс­тің дамуына әсер етуге тырысты. Бір сөзбен айтқанда, қарапайым қо­ғамнан бөлектеніп, өзіндік өмір сүру салты қалыптасқан мәдениет бе­лең алды. Ол мәдениет Қазақстанды да айналып өтпегені бар­ша­ға мәлім. Кореядағы субмәдениет жүйе­сін алғаш Қазақстанға енгізіп, поп музыканың таралуына әсер ет­кен – Ninety one тобы және оның про­дю­сері Ерболат Беделхан. 2015 жылы «Айыптама» әнімен Q-pop жан­рын дүниеге әкеліп, Қазақ­стан­ды елең еткізген еді. Халық дат­тау­шы­лар мен жақтаушылар болып екі­ге бөлінді. Көпшілігі K-pop жан­ры­нан бастау алған Q-pop жанры қа­зақ мәдениетіне мүлде сай емес деп наразылықтарын білдіріп жат­ты. Расымен, біздің елімізде бұрын-соңды болмаған өзгеріс еді. Сол үшін де елдің тосырқап, жат са­науы орынды. Ер адамдардың құла­ғы­на сырға тағуы мен шашын түр­лі түске бояуын өр мінезді, на­мыс­шыл елдің ұрпағымыз дейтін көп­шілікке дұрыс қабылдау қиын­ға соқты. Сондықтан заман ағы­мы­на қарай бейімделген топ осы қа­дам­дар арқылы Қазақстанға алғаш му­зыкалық субмәдениетті енгізді деу­ге көп негіз бар. Уақыт өте келе нара­зы­лық­тарға қара­мастан, Ninety one тобының жан­­­күйерлер саны ар­тып, өнер жо­лында да қолдай­тын­дар көбейді. «Иглз» деген түсінік қа­лыптасты. Яғни, олар – Ninety one тобының жанкүйерлері. Q-pop жанры Ninety one арқылы жас­тар­дың жүрегін жаулап, олардың тү­сі­нігінде еркіндікке шақыратын ба­ғыт сияқты қабылданды. Еліктеу нә­тижесінде бойзбэнд, герлзбэнд топ­тар, әншілер көбейді. Себебі жас­­­тарға тек сол бағыттағы әндер ұнайды. Әннен бөлек киім кию, шаш қою стилі де соған икемденіп кеткенін аңғару қиын емес. Q-pop арқылы K-pop-қа қызығатын кәріс сериалдарын, әндерін тыңдап, та­бынатындардың қарасы артты. Заманауи музыка арқылы жаңа мәдениет қалыптас­тыр­ған Ninety one тобының атауын олар, 1991 жылғы ел тәуелсіздігінің құрметімен байланыстырады. Яғ­ни, сол арқылы музыка, стиль, ой жағынан да еркін тәуелсіз екенін бай­қай аламыз. Q-pop жанрын олар әлемнің 120-дан астам еліне та­нытып үлгергенін мақтанышпен ай­тады. Сол арқылы қазақ тілін әлем­­ге насихаттап жүрміз дейді. Топ продюсері бұл жөнінде: «Q-pop – тек қана сөз емес. Бұл – нағыз сөздің прак­тикада жүзеге асқан істің кө­рінісі. Бұл – ұлттық сана-сезімді ояту­дың саласы. Қазақ тілінің тек күн­делікті тіршілікте емес, көр­кем­дігі мен өткірлігін әлемдік дең­гейге көтеруге болатынын көр­сету, дәлелдеу. Сонымен қатар жа­сөс­пірімдердің ұлт тіліне деген қы­­­зығушылығын арттырып, да­мыту. Яғни, Q-pop – ұлттық пат­рио­­тизмді дамытудың жаңа белесі деу­ге болады», –дейді. Тағы бір сө­зін­де: «Q-pop – Корея жүйесі бол­ға­нымен, мен оны өзіміздің мен­та­ли­­тетке сай, көзқарасымызға қай­­шы келмейтіндей адаптация жа­садым, өзгерттім. Ол дегеніміз – біріншіден, жаңа көзқарас» деген еді. Дегенмен дәл осылай салт-дәс­түр мен стильді өзгертпей, әлемге та­нылуға мүмкіндіктер көп секілді. Әлемді аузына қаратқан Димашпен салыстырып қарайтын болсақ, қа­зақ тілін қазақтың халық әнімен де танытып, насихаттауға бола­ты­нын байқаймыз. Жоғарыда айтыл­ған «ұлттық патриотизмді Q-pop-пен дамыту қаншалықты қисынды? Қаншалықты менталитетке сай? Неге жастар жеңіл әуенді тыңдауға әуес?» деген секілді сұрақтар туын­дай­ды. Заман ағымына еріп, трендке іле­сіп, көштен қалмайық де­ген желеу бізді ұлттық болмы­сы­мыз­дан ада етіп бара жатқаны көңіл қынжылтады. М.Әуезов «Ел бо­­­ламын десең, бесігіңді түзе», – дей­ді. Бұл құдды жастарға айтылып жатқан сын сөзі секілді. Расымен, тал бесіктен басталатын тәрбиеге елік­теушілік сан ғасырлық тарихы бар қазақ халқының ұлттық құн­ды­лықтарына зиян келтірмесе екен. Жоғарыда айтылған мәсе­ле­лер­ге ең алдымен өзіміз себепші еке­німізді ұмытпауымыз керек. Субмәдениет деп заманалар өтсе де, қаз-қалпында сақталған салт-дәс­түрмен, болмысымыздан, өз мә­де­ние­тімізден алыстап қалмасақ игі. Мы­салы, 91 тобының әндерін өмір­шең қазақ әндерімен салыс­тырсақ, дәрежесі әлдеқайда төмен. Оны кейбір жастар жеңілдікке үйренгені соншалық, мойындағы­сы келмейді. Бұл – талғамның тө­мендігі ме, әлде әйтеуір жаңа­шыл­дық­қа ұмтылу деген сылтау ма? Әри­не, көкейде сұрақ көп. Сондықтан өз болмы­сы­мыз­ды теріске шығарып, өгейсі­те­тін іс-әрекеттерге бармасақ екен. Талғамға, әрине талас жоқ. Әйтсе де, біз – тәуелсіз елдің ұрпағымыз! Бі­зді басқалардан даралайтын, тек өзі­мізге тән құндылықтарымызды еш­кімге еліктемей сақтай алсақ, ба­балар аманатына жасаған құрме­тіміз болар еді. Біз – Мағжан сенген өр рухты өрендерміз! Осыны жа­ды­мызда сақтап, ұмытпай жүрсек, нұр үстіне нұр. Заманауилық пен қа­зақилықты сәтті ұштастыруға ты­рыссақ, біздің де, біздің ұлты­мыз­дың да ғұмыры ұзақ болары сөз­сіз.

Дариға НЫСАНҚҰЛ