Халықтың Роза Бағлановаға сағынышы (ФОТО)

Халықтың Роза Бағлановаға сағынышы (ФОТО)

Халықтың Роза Бағлановаға сағынышы (ФОТО)
ашық дереккөзі
Алматыда Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына арналған «Қазақтың қаһарман қызы» атты мерекелік концерт өтті деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы «Қазақ әуендері» АҚ-тың баспасөз хатшысы Нұрсұлтан Қаражан айтты. Алматыдағы Қазақконцертте, қазіргі Құрманғазы оркестрінің концерт залында Роза Тәжібайқызының әндері қайта жаңғырды. Бұл жерде ол 1960 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін жемісті еңбек еткен.
«Көктемнің әдемі кешінде Мәдениет министрлігіне қарасты «Қазақ әуендері» АҚ ұйымдастырған ғажайып ән кеші көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Бүгінгі концерт күміс көмей әншінің әсем әндерін сағынған көрерменнің көптігімен есте қалды. Залда ине шаншар орын болмады. Концерт басталғаннан көрермендер орындарынан тұрып, Роза Тәжібайқызын қошеметпен еске алды. Концерт барысында әншінің орындауындағы әндерді көрермен қауым өнер жұлдыздарымен бірге қосылып шырқады. Айлар, жылдар өткен сайын ерекше дарын иесі Роза Тәжібайқызына деген халықтың ықыласы мен сағынышы арта түспесе, бір кеміген емес. Оған осы ән кешінде куә болдық», - деді ол.
Концертте Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов, Сұлушаш Нұрмағанбетова, Алтынбек Қоразбаев, Гүлнәр Сиқымбаева сынды өнер майталмандарымен қатар Жұбаныш Жексенұлы, Жеңіс Ысқақова, Игорь Благодарный, Айгүл Иманбаева, Асхат Үрпеков, Шаба, Бауыржан Исаев, Зарина Жакенова, т.б. қазақ эстрадасының өкілдері ән шырқады. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық оркестрі өнер көрсетті. Даңқты әншінің мерейтойы осы жылдың 1 наурызында Нұр-Сұлтан қаласында салтанатты түрде ашылған болатын. Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан бұл шара бұқаралық сипатқа ие болып, жыл көлемінде еліміздің барлық өңірінде өткізіледі.  width=  width=  width=  width=  width=  width=  width= Тағы оқи отырыңыз: Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО-ның даталар күнтізбесіне енгізілді