Елорда тұрғыны бұрынғы әйелін анасының көзінше аяусыз ұрып-соққан (ВИДЕО)

Елорда тұрғыны бұрынғы әйелін анасының көзінше аяусыз ұрып-соққан (ВИДЕО)

Елорда тұрғыны бұрынғы әйелін анасының көзінше аяусыз ұрып-соққан (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан тұрғыны бұрынғы әйелін оның анасының көзінше аялдамада соққыға жыққан деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы әлеуметтік желіде жазылды. Желідегі ақпарат бойынша ер адам ажырасқан соң 9 айдан бері бұрынғы әйелінің ізіне түсіп, ұрып-соғып, түрлі қорлық көрсетіп жүрген. Оқиға болған күні де ол келіншекті аялдамада аңдып тұрып, соққыға жыққан.
«Бүгін таңертең автобус аялдамасында ол сіңлімді аңдып тұрып бас салып, анамыздың көзінше тепкілеп тастаған. Сіңлім бұрынғы күйеуі тарапынан көп қиындық көріп жүргендіктен, жұмысқа бізбен - анаммен немесе менімен шығуға мәжбүр», - дейді әйелдің әпкесі.
Туыстарының айтуынша, ер адам бұрынғы әйеліне жасырын нөмірлерден хабарласып, үйінің де, жұмысының да маңын торуылдап, ізіне түсіп алған. Келіншектің жақындары полицияға 40 рет арызданып жатып, қорғау нұсқамасына әрең қол жеткізіпті. Нұсқамаға сәйкес, ер адамның жәбірленушіге жақындауына және телефон соғуына тыйым салынған екен, алайда, ол аталған тыйымды елеместен, бірнеше мәрте бұзған. Бұрынғы ерлі-зайыптыларға қатысты сот бірнеше рет кейінге шегеріліп, ер адамға тек ескерту беріліп келгені анықталды. Туыстары жыл бойы құзырлы органдарға қанша жүгінсе де аудандық полиция мен ішкі істер бөлімі ештеңе істемей, тек арызды қабылдап қана келген. Жәбірленушінің әпкесі сіңлісінің өмірі үшін қатты қорқатынын айтады.
«Енді онымен қалай күресетінімізді де білмейміз, тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң қауқарсыз болып отыр, әлсіз», - дейді әйелдің туыстары.
Осы оқиғаға байланысты Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті пікір білдірді. Ведомствоның хабарлауынша, бүгінгі таңда астаналық тұрғынды соққыға жыққан азамат іздестірілуде.
«Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында ер адамның әйелді соққыға жыққаны туралы бейнежазбаны байқадық. Полиция қызметкерлері 13 сәуірде сағат 07.50-де 25 жастағы елорда тұрғынының Сығанақ көшесінде бұрынғы әйелін ұрғанын анықтады. Аталған факті «Есіл» ауданының полиция бөліміне тіркелді. Кінәлінің қай жерде екенін анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде», – дейді департаменттен.
Сондай-ақ полиция бұған дейін зардап шеккен әйел бұрынғы жұбайының ізіне түсу фактісі бойынша полицияға екі рет арыз жазғанын хабарлады.
«Соның салдарынан «тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» ҚР Заңының 20-бабына сәйкес кінәліге қатысты «қорғау нұсқамалары» шығарылды. Бұл тұрмыстық зорлық-зомбылық жасауға, қудалауға және өзге де тәсілдермен байланысқа түсуге тыйым салуды көздейді. Бұнымен қоса, ер адамға ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабында көзделген «қорғау нұсқамасын бұзу» туралы заң талаптары түсіндірілді. Алайда, тиісті қорытынды жасамай, ер адам бұрынғы әйелін қудалауды жалғастырды. Наурыз айында Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен азамат екі рет кінәлі деп танылып, оған сот ескерту түріндегі әкімшілік жаза қолданды», – делінген хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Интернет-портал INBUSINESS (@inbusinesskz)