AMANAT партиясының Павлодар облыстық филиалы семинар өткізді
AMANAT партиясының Павлодар облыстық филиалы семинар өткізді
Бүгін «AMANAT» партиясының Павлодар облыстық филиалы ірі бастауыш партия ұйымдарының төрағаларын облыстық партияның қабырғасында бастарын біріктіріп, семинар-жиналыс өткізді.
Семинардың негізіне партиялық жобалар бойынша түсіндіру жұмыстары, «Халыққа көмек» партиялық жобасын іске асыру аясында көшпелі қоғамдық қабылдаулардың жұмысы, нысаналы трансферттерді пайдалану тетігін түсіндіру, әлеуметтік желілердегі жұмыс пен БПҰ жастар кеңестерінің жұмыстары жатты. Облыстық филиал бөлімдерінің мамандары әр тақырып бойынша таныстыру жасап, БПҰ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.