AMANAT партиясының Павлодар облыстық филиалы семинар өткізді

AMANAT партиясының Павлодар облыстық филиалы семинар өткізді

AMANAT партиясының Павлодар облыстық филиалы семинар өткізді
ашық дереккөзі
Бүгін «AMANAT» партиясының Павлодар облыстық филиалы ірі бастауыш партия ұйымдарының төрағаларын облыстық партияның қабырғасында бастарын біріктіріп, семинар-жиналыс өткізді. Семинардың негізіне партиялық жобалар бойынша түсіндіру жұмыстары, «Халыққа көмек» партиялық жобасын іске асыру аясында көшпелі қоғамдық қабылдаулардың жұмысы, нысаналы трансферттерді пайдалану тетігін түсіндіру, әлеуметтік желілердегі жұмыс пен БПҰ жастар кеңестерінің жұмыстары жатты. Облыстық филиал бөлімдерінің мамандары әр тақырып бойынша таныстыру жасап, БПҰ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.  width= Партиялық жарналардың 20 пайызы іс-шараларды ұйымдастыру және өзекті мәселелерді шешу үшін ай сайын бастауыш партия ұйымдарына қайтарылатын болады. Бұл туралы бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «AMANAT» партиясының съезінде айтқан болатын.
«Менің ойымша, бұл семинар халықпен ауқымды жұмыс істеуге мүмкіндік береді, бұл «AMANAT» партиясының рөлін күшейтуге, әрбір партия мүшесінің қаланың, ауданның тыныс-тіршілігіне қатысуына, саяси ахуалға ықпал етеді. Қаңтардағы оқиғалар мен барлық өзгерістерді талдау жергілікті жерлердегі жұмысты жандандыру қажеттігін көрсетті. Депутаттар азаматтарды қабылдау жүргізілетін ірі кәсіпорындарда партияның 7 қабылдау бөлмесі ашылды», - деді партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Илья Теренченко.
Ірі бастауыш партия ұйымдарының өкілдері осындай іс-шаралар жиі өткізілсе деген ниеттерін білдірді.
«Бүгін бізге карталар табыс етілді. Біздің мүмкіндіктеріміз БПҰ-ның өз кәсіпорны ауқымында партияластармен жұмысын жақсарту үшін ұлғаюда. Бізде іс-шаралар өткізуге, партиялық жобаларға қатысуға мүмкіндік болады», - деді Екібастұз ГРЭС-1 БПҰ төрағасы Серік Серьянов.
«AMANAT» партиясының облыстық жастар қанатының төрайымы Санира Жүсіпова өз сөзінде ірі кәсіпорындарда және бастауыш партия ұйымдарында «Жас Отанның» бөлімдерімен қатар білім орталықтарын ашу бойынша жұмыстарды жүргізуді ұсынды. Бүгінде бастауыш партия ұйымдары партияның іргетасына, басты күшіне айналды. Ел Президенті «AMANAT» партиясын жаңғырту тапсырмасына сәйкес, бастауыш партия ұйымдарының қызметін жандандыру бағдарламасы даярланды. Кереку өңірінде 48 мыңға жуық партия мүшесін біріктірген 219 бастауыш партия ұйымы жұмыс істейді. «AMANAT» партиясының Павлодар облыстық филиалы бастауыш партия ұйымдарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуді алдағы уақытта одан әрі арттыратын болады.