Президентпен теннис ойнаған қыз уәде берді

Президентпен теннис ойнаған қыз уәде берді

Президентпен теннис ойнаған қыз уәде берді
ашық дереккөзі
21 наурыз күні  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласында жаңадан ашылған Үстел теннисі орталығын аралап қана қоймай, жас спортшы қызбен теннис ойнағанын барлық ақпарат құралдары жарыса жазғанымен, оның аты еш жерде айтылған жоқ деп хабарлады turkystan.kz. «Спорт жұлдыздары» журналына сілтеме жасап. Осы журналдың бас редакторының орынбасары Еркін Бақтияровтың айтуынша, Президентпен теннис ойнаған қыздың аты-жөні -  Айназ Әділгереева. Ол - үстел теннисінен Қазақстан чемпионы. Ойын біткен соң Мемлекет басшысы теннисшіге ракетканы қолтаңбасымен сыйға тартса, Айназ Қасым-Жомарт Кемелұлына болашақта әлем чемпионы боламын деп уәде берген екен. Енді Айназ туралы айтсақ, ол Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданындағы Болашақ ауылында туған. Ол тенниске 9 жасында келсе де, бір-екі жылда қатарластарын қуып жетіп, 2010 жылы туған жасөспірімдер арасында жекелей және жұптық сында Қазақстан чемпионы атанған. Айназдың әкесі Әділжан Оралдың М.Өтемісов атындағы университетінің тарих факультетін бітіріп, бұл күндері әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде докторантурада оқиды. Айназ болса, Алматы қаласындағы 22 мектеп-гимназиясының 6-сынып оқушысы. «Жақында Алматыда «Спорт жұлдыздары» журналының жүлдесі үшін Үстел теннисінен өткен республикалық турнирде 30-39 жас аралығында топ жарған Әділжан Әділгереев қызының спорттағы жетістіктері үшін бапкерлері Айман Успановаға, Елена, Дмитрий Переверзовтарға, Алексей Тимченкоға және үнемі қолдау көрсетіп жүретін Алматы қалалық Теннис федерациясының президенті Әнуар Келдияров пен спорт жанашыры Андрей ағасына айтар алғысым шексіз дейді. Сонымен қатар Айназдың жетістігіне ең бірінші қуанатын ауылдағы атасы мен әжесіне, ағайын-тумалары мен нағашыларына да ризашылығын білдіреді», - дейді Еркін Бақтияров.  width= Тағы оқи отырыңыз: Теннис ойнауды ұнататын Президенттер кімдер?