Жаңалықтар

«Оның бәрі – фигня!»: танымал продюсер отбасылық семинар, тренингтерге қарсы шықты (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

«Оның бәрі – фигня!»: танымал продюсер отбасылық семинар, тренингтерге қарсы шықты (ВИДЕО)

Танымал кинопродюсер Гүлнұр Мамасарипова отбасылық құндылықтарға қатысты тренингтерге қарсы шықты деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы ол «The real gap» атты YouTube арнасына берген сұхбатында айтты. «Оның бір қағидасы, формуласы немесе теоремиясы да, ештеңесі де жоқ. Оның бәрі – фигня! Расында да солай, фигня! Ол туралы кейбіреулері кітап жазып, «отбасылық құндылықтарды сақтап қалу үшін не істеу керек?» деген сияқты неше түрлі семинар, тренингтер шығарып жүр», - деді ол. Продюсер өмірде бәрі мінсіз болу мүмкін емес екенін жеткізді. «Күйеуге бұлай сөйлеу керек, бұлай жасау керек, аяғын жууың керек, қолын жууың керек» деген сияқтылар шықты, оның бірі де көмектеспейді. Шомылдырсаң да көмектеспейді. Оның бәрі жай фантик. Олай өмір сүру мүмкін емес. Мінсіз өмір сүру мүмкін емес. Қандай да бір кестемен, күн тәртібімен өмір сүру мүлде мүмкін емес», - деді Гүлнұр Мамасарипова.