Кенесары ханның суретін ерекше тәсілмен салған суретші желіні жарды (ВИДЕО)

Кенесары ханның суретін ерекше тәсілмен салған суретші желіні жарды (ВИДЕО)

Кенесары ханның суретін ерекше тәсілмен салған суретші желіні жарды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Алматылық суретші Кенесары ханның суретін ерекше тәсілмен салып, желі оқырмандарын таңғалдырды деп жазды turkystan.kz. Қазақстандық суретші әрі портретші Әсел Бекжан елімізге еңбегі сіңген адамдардың суреттерін салумен әлеуметтік желіде танымал болды. Оның соңғы туындыларының бірі қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлына арналған. Ол бұл суретті ерекше әдіспен салып, жұртты тамсандырды.
«Қазір мен өз өнерімді диджитал форматқа, яғни осындай әлеуметтік желілерге көшіріп жатырмын. Бұл - заман талабы, ал біз соған ілесіп отыруымыз қажет. Қолымнан келгенше отандық бейнелеу өнерінің дамуына үлесімді қосқым келеді. Өз шығармашылығыммен Қазақстанның бай табиғатын, ұлттық киімін және еліміздің даңқын шығарған адамдарды насихаттағым келеді», — дейді Әсел сұхбаттарында.
Айта кетейік, Әсел – Қазақ ұлттық өнер университетінің түлегі. Жасы 27-де.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от АССОЛЬ | ХУДОЖНИЦА (@assolyaa)