Түнгі клубта төбелескендер видеоға түсіп қалды

Түнгі клубта төбелескендер видеоға түсіп қалды

Түнгі клубта төбелескендер видеоға түсіп қалды
ашық дереккөзі
Көкшетауда түнгі клубтардың бірінде төбелес болды. Төбелеске қатысқандар видеоға түсіп қалды деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап. Түнгі клуб маңындағы төбелесті Көкшетау қалалық Жедел басқару орталығы қызметкерлері түсіріп алған. Оқиға 10 сәуірге қараған түні болған. Көкшетау полициясының Жедел басқару орталығының инспекторлары төбелеске қатысқан екі адамды дереу ұстады. Олар түнгі клубтың қызметкерлері екендігі анықталды. Ал тағы екеуі оқиға орнынан қашып үлгерген. Дегенмен, қашқандарды патрульдік полиция батальонының экипаждары оларды облыс орталығындағы көшелердің бірінен ұстаған. Төбелеске мекемеге келген 26 жастағы ер адам мен мекеме қызметкерлері арасындағы жанжал себеп болған. Қазір осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі «Бұзақылық» бойынша соталды іс қозғалған.  Тағы оқи отырыңыздар: «Қазақтар, топассыңдар!»: оралман әйел қазақша сөйлей алмайтындарды есекке теңеді (ВИДЕО)