«Манас» эпосы қытайша сөйлейді

«Манас» эпосы қытайша сөйлейді

«Манас» эпосы қытайша сөйлейді
ашық дереккөзі
Қырғыздың «Манас» эпосының  қытай тіліне аударылған толық нұсқасы баспадан шықты деп хабарлады turkystan.kz. Эпостың өзі 8 бөліктен, 18 томнан, 230 мың жолдан тұрады. Бұл мәліметті Facebook-те Ерлан Мазан есімді Алтайдың арғы жағынан көшіп келген отандасымыз берді.
«Аударма нұсқаның тұсаукесері Қытайдағы Қызылсу Қырғыз автономиялық облысында өтті. «Манас» дастанын қытай тіліне аудару жұмысы 2004 жылы басталған. 2009 жылы Қытай Үкіметінің ұсынысымен  «Манас» эпосы ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізілген», - деді ол.
«Манас» жыры - қырғыз халқының дәстүрлі эпосы. Ауыз әдебиетінің тамаша үлгісі. Ол ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жырланып, халық есінде сақталуда. Дастанның жазбаша үлгілерінің бірі жарты миллионға жуық жолдан тұрады да, көлемі жағынан Гомердің «Одиссеясы» мен «Илиадасын» қосқандағы көлемнен жиырма есе, ал Махабхарата көлемінен екі есе асып түседі. Жыр-дастан Манастың, оның ұрпақтарының және ісін жалғастырушыларының хикаяларын баяндайды. Эпос үлкен үш бөлімнен тұрады: Манас жыры, Манастың ұлы Сәметейдің жыры және Манастың немересі Сейтектің жыры. Дастанның өзекті тақырыбын қытай мен қалмақ дұшпандарына қарсы шайқастар сипаттайды. XV ғасырдан бастап дастанның аты деректерде атала бастағанмен, оның жазбаша нұсқасы 1885 жылға дейін жасалмаған болатын. Әр түрлі көзқарастар негізінде дастанның пайда болу уақытын VII-X ғасырлар, XI-XII ғасырлар немесе XV-XVIII ғасырлар аралығы деп мөлшерлейді. Тағы оқи отырыңыз: Бішкекте қазақша-қырғызша кітаптардың тұсаукесер рәсімі өтті