9 мамырда әскери парад өте ме? – министрлік жауап берді

9 мамырда әскери парад өте ме? – министрлік жауап берді

9 мамырда әскери парад өте ме? – министрлік жауап берді
ашық дереккөзі
Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс биыл қалай атап өтіледі? Бұл туралы Қорғаныс министрлігі пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz.
«2022 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған әскери парадты өткізу жоспарда жоқ»,- деп жазылған хабарламада.
Ведомствоның мәлімдеуінше, парад болмағанымен, әскери-патриоттық іс-шаралар өткізілмек. Ұлы Отан соғысының және Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің ардагерлері елеусіз қалмайды. Жалпы, еліміз бойынша 50-ге жуық түрлі іс-шаралар жоспарланған.