Педагог 850 мың теңгесінен қалай айырылып қалғанын айтты

Педагог 850 мың теңгесінен қалай айырылып қалғанын айтты

Педагог 850 мың теңгесінен қалай айырылып қалғанын айтты
ашық дереккөзі
Мұғалім болып жұмысқа орналаспақ болған қызылордалық 850 мың теңгесінен айырылды, – деп хабарлайды turkystan.kz рolisia.kz-ке сілтеме жасап. 11 сәуір күні алаяқтың құрбаны болған жергілікті тұрғын Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне келіп арызданған. Азаматша өзінің арызында алаяққа алданғанын айтқан. Алаяқ азамат өткен жылдың тамыз айында мұғалімдікке жұмысқа орналастырып беремін деп уәде берген. Сөйтіп жәбірленушіден 850 мың теңге ақша алған. Бірақ, көп ұзамай, ақшаны алдап алған азамат телефон қоңырауларына жауап бермей, бүгінгі күнге дейін уәде етілген жұмысқа орналасу мәселесінің шешімін таппаған. Сонымен жәбірленуші әйел полицияға арыздануға мәжбүр болды. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, облыс орталығының тұрғыны ұсталды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Полицейлер оқиғаның мән-жайларын анықтауда.