Медведчук украин сарбазының киімімен ұсталды (ВИДЕО)

Украинада саясаткер әрі олигарх, «Оппозициялық платформа – Өмір үшін» партиясының жетекшісі Виктор Медведчук ұсталды деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы Украина Президенті Владимир Зеленский әлеуметтік желіде мәлімдеді. Ол Жоғарғы Рада депутатының әскери киімдегі, қолы кісенделген суретін жариялады.

Украина Қауіпсіздік қызметінің баспасөз қызметі Медведчуктің тағы бір суретін жариялап, оны Медведчук Зеленскийдің тапсырмасымен ұсталғанын хабарлады.

Осыған байланысты Зеленский видеоүндеу жасап, Медведчукті орыс тұтқынына түскен украиналықтарға ауыстыруды ұсынды.

«Медведчук мырзаның ғарышкерлер күні ұсталғаны өте қызық болды. Ол 48 күн бойы жасырынып, біздің елден қашқысы келген», – деді Зеленский.

Виктор Медведчук 2021 жылдың мамырынан бастап мемлекеттік төңкеріс жасауға  және елдің қазынасын тонауға әрекет жасады деген күдікпен ұсталып, үйқамақта болған.  27 ақпанда саясаткер үйқамақтан қашып кеткен еді. Оны іздестірумен Украина Қауіпсіздік қызметінің арнайы тобы айналысты.

Медведчук украин сарбазының киімімен ұсталыпты.

 

ррррр

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button