Криштиану Роналду жанкүйерін ренжітіп, ыңғайсыз жағдайға тап болды
Криштиану Роналду жанкүйерін ренжітіп, ыңғайсыз жағдайға тап болды
32 турда «Эвертон» клубына есе жіберген соң (1:0) Криштиану Роналду 14 жастағы жанкүйердің телефонын сындырған деп хабарлады turkystan.kz.
Осыдан кейін баланың анасы мәлімдеме жасады. Ол бұл жағдай «баламның психикасына әсер етті» дейді.
«Егер көшеде менің ұлыма біреу шабуыл жасап, кейін кешкі асқа шақырса бармас едік. Мына жағдайда біз Криштиану Роналду болғаны үшін кешіруіміз керек пе? Құдды ол емес, біз кінәлі секілдіміз. Кешіріңіз, бірақ біз бұлай істей алмаймыз! Тіпті «Манчестер Юнайтедтің» ұсынысынан бас тарттық. Енді ұлым бұл команданың ойындарына да барғысы келмейді. Ұлым Роналдуды көргісі келмейді. Оның ешнәрсеге зауқы жоқ. Бұл жағдай баламның психикасына әсер етті», – дейді Джейк Хардингтің анасы Сара Келли.
Тағы оқи отырыңыз: «Есі дұрыс емес»: танымал файтер саунада күреспек болған