«Әкімдік қайда қарап отыр?»: Алматыдағы зират басында унитаз жатыр

«Әкімдік қайда қарап отыр?»: Алматыдағы зират басында унитаз жатыр

«Әкімдік қайда қарап отыр?»: Алматыдағы зират басында унитаз жатыр
ашық дереккөзі
Іле ауданы Өтеген батыр ауылының зиратының жанында қоқыс, құрылыс материалдарының қалдығы шашылып жатыр. Қоқыс полигонына айналудың аз-ақ алдында тұрған зираттың маңын жергілікті тұрғындардың бірі бейнекамераға түсіріп алған деп жазды turkystan.kz. Кадрдан бұл жердің мұсылмандардың қорымы екенін байқауға болады. Арнайы қоршауы да бар. Соған қарамастан маңайдың бәрі түрлі қоқысқа толып жатыр. Кейбіреулер қоқысты дәл кіреберіске төгіп кеткен. Олардың арасында әртүрлі шөлмектер, унитаз және тағы басқа құрылыстан қалған қалдықтар бар. Видео авторы зират басында мұндай жағдай болмауы керек деп санайды.
«Не деген сұмдық?! Әкімдік қайда қарап отыр? Барлық құзырлы орган не істеп жүр?» деп қынжылды видеоны түсірген азамат.