Министр «Әліппенің» латын қарпімен қашан шығатынын айтты

Министр «Әліппенің» латын қарпімен қашан шығатынын айтты

Министр «Әліппенің» латын қарпімен қашан шығатынын айтты
ашық дереккөзі
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «Әліппе» оқулығын латын графикасымен шығаруға қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz. Sputnik Қазақстан поталына сілтеме жасап. Оның айтуынша, латын графикасы негізіндегі қазақ әліппесіне зерттеу жалғасып жатыр. Соңғы нұсқа әлі қабылданған жоқ.
«Латын графикасы бойынша әлі зерттеу жүріп жатыр. Зерттеулер аяқталғаннан кейін осы мәселе туралы нақты айтатын боламыз. Халыққа жариялаймыз және талқылауға саламыз. Сосын тиісті шешім қабылдаймыз. Бұл ғылым ғой. Біз олар қандай нәтижеге келетінін айта алмаймыз», - деді Аймағамбетов.
Министр әуелі латын графикасының соңғы нұсқасын қабылдап алу қажеттігін айтты.
«Ең бірінші қабылдап алу керек қой. Одан кейін жауап беруге болады», - деді ол.
Бұған дейін Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова «Әліппенің» латын графикасы негізінде шығарылатыны туралы айтқан. 2021 жылдың басында латын әліппесінің жаңа жобасы таныстырылған болатын. Жетілдірілген әліппеде әріп саны – 31, әліппе тек латын әліппесі базалық жүйесі таңбаларынан құралған. Бұл әліппеде қазақ тілінің 28 дыбысы толық қамтылған. Қазіргі ә(ä), ө(ö), ү(ü), ұ(ū) және ғ(ğ), ш(ş) қазақ әріптері диакритикалық таңбалармен берілген. Әліппеде халықаралық тәжірибеде қолданыста бар умляут ( ̈ ), макрон ( ˉ ), седиль ( ̧), бревис ( ̌ ) диакритикалық таңбалары қолданылған. Мамандардың айтуынша, әліппе қазақ тілінің жазу дәстүрінде орныққан "бір дыбыс – бір әріп" принципіне толық сәйкес келеді. Жаңа әліппеге кезең-кезеңімен көшу 2023 жылдан бастап 2031 жыл аралығында жоспарланып отыр. Тағы оқи отырыңыз: Латын әліпбиіне көшуде асығыстық болмауы керек – Президент