Ақтөбе облысында мал өлексесі далада шашылып жатыр (ВИДЕО)

Ақтөбе облысында мал өлексесі далада шашылып жатыр (ВИДЕО)

Ақтөбе облысында мал өлексесі далада шашылып жатыр (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Ақтөбе облысы Ойыл ауданына қарасты Қаратал ауылының маңында мал өлексесі шашылып жатыр деп хабарлады turkystan.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап. Елді мекен тұрғындары шіріп жатқан мал етінен ауру тарала ма деп қауіптенеді. Ветеринария басқармасы бұл өлексенің бәрін қыс бойы тұрғындардың өздері мал қорымына әкеліп, көмусіз тастап кеткен деген уәж айтып отыр. Оның айтуынша, мал иелері ветеринарға ескертпестен, өлген малды қорымға таси берген.
«Өлекседен ешқандай сынама алынбайды, себебі мал инфекциядан өлген жоқ», - дейді әкімдік өкілі.
Осы жағдайға қатысты облыстық Ветеринария басқармасындағылар пікір білдірді.
«Бүгін тапсырма берілді. Бүгін соның бәрі жасалады, санитарлық-ветеринарлық ережелерді сақтай отырып, өлімтіктердің бәрі жойылады. Бұл аурудан өлген емес, бұл қыстан шыққан мал ғой, шөптің бітіп жатқан кезі, малдың әлсірейтін кезі. Жылда бірен-саран малдың өлімі болады», - деді Ақтөбе облыстық Ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Иса Базаров
Ал, Ақтөбе қаласына жақын Садовое ауылында малдан бруцеллез анықталды. Мамандар жоспарлы тексеру кезінде 4 мың ірі қара мал мен 5 мың қойдың қанынан сынама алған. Нәтижесінде, 26 сиыр мен 133 қойдан инфекция белгілері табылды.
«Бруцеллездің оң сынамасын көрсеткен малдың бәрі, арнайы сою орындарына тапсырылды. Ережеге сәйкес, мұнда да мал етінен био-сынама алынып, зертханада тексерілді. Оның қорытындысы бойынша, 26 ірі қара мал етінің тек екеуінен бруцеллез расталды», - деді Ақтөбе облыстық Ветеринария басқармасының бөлім басшысы Гүлсара Жақыпова.