Қостанайда көпірден секіргісі келген әйел құтқарылды

Қостанайда көпірден секіргісі келген әйел құтқарылды

Қостанайда көпірден секіргісі келген әйел құтқарылды
ашық дереккөзі
Қостанай қаласында көпірден секіргісі келген әйел құтқарылды деп хабарлады turkystan.kz. «Наша газета» хабарлады порталына сілтеме жасап. Оқиға 12 сәуір күні жергілікті уақытпен сағат 11.20-да болған. Облыс орталығының КЖБИ ауданында көпірдің үстіне шығып, секіргісі келген әйелді бір жігіт байқап, ажалдан арашалап алды.
«Мен бір әйелдің көпірдің үстіне шығып, төменге секірейін деп  тұрғанын көріп, дереу көлігімді тоқтаттым. Содан кейін оның жанына барып, әйелді райынан қайтардым. Соңынан «102» пультін басып, болған оқиға жайында хабарладым», – деді Дамир Жүсіпбеков есімді жігіт.
Екі минуттан кейін оқиға орнына Дархан Тоқтаров пен Тоқсанбай Қарағозин құрамындағы автопатруль жетіп келген. 44 жастағы әйел полицейлермен сөйлескенде күйеуімен ажырасқанын, сондықтан өмірмен қоштасқысы келгенін айтқан. Полициядағылар суицид жасағысы келген әйелді аман алып қалған қала тұрғыны Дамир Жүсіпбековті азаматтық позициясы үшін марапаттау шарасын ойластырып жатқандарын айтты.