Франция премьер-министрі президенттік сайлауға түсетінін мәлімдемек

Франция премьер-министрі президенттік сайлауға түсетінін мәлімдемек

Франция премьер-министрі президенттік сайлауға түсетінін мәлімдемек
ашық дереккөзі
Францияның премьер-министрі Мануэль Вальс бүгін өзінің президенттік сайлауға түсуге ниеті барын жарияламақшы. Үкімет әкімшілігі оның Париж маңындағы қаланың бірінде президенттікке кандидатурасын ұсынатынын ресми жариялайды деп хабарлады.
Президент сайлауына билік етуші Социалистік партиядан ресми үміткер болу үшін Вальс қаңтар айындағы праймеризде жеңіп шығу керек. Оның бәсекелестерінің ішінде қазіргі президент Франсуа Олланд болмайды: ол өткен аптада екінші мерзімге сайлауға түсуден бас тартты. Вальс әлеуметтік сауалнама бойынша, ең танымал социалист-саясаткер. Бірақ оның рейтінгісі 10 пайыздан аспай тұр. Оның әзірге президент сайлауына қатысуға үміткерлер оңшыл "Республикашыл" партия өкілі Франсуа Фийон, ультраоңшыл Марин Ле Пен және тәуелсіз кандидат ретінде өзін ұсынып отырған бұрынғы министр Эммануэль Макроннан да рейтінгісі төмен. Францияда президент сайлауы 2017 жылдың сәуірінде өтеді.