Лукашенко Бучадағы қанды қырғынды кім жасағанын айтты

Лукашенко Бучадағы қанды қырғынды кім жасағанын айтты

Лукашенко Бучадағы қанды қырғынды кім жасағанын айтты
ашық дереккөзі
Беларусь президенті Александр Лукашенко Украинаның Буча қалашығындағы бейбіт жұртты орыс әскері емес, ағылшындардың барлау қызметі қырды деп мәлімдеді. Яғни, Беларусь президенті бұл трагедияға Ұлыбритания билігін кінәлап отыр деп хабарлады turkystan.kz bugin.kz-ке сілтеме жасап. Бүгін, 12 сәуір күні, Ресейдің «Восток» ғарыш айлағында брифинг өтіп, Лукашенко мен Путин сөз сөйледі.
«Соғысты Ресей бастамаса, Украина Ресейге басып кірер еді. Дәл Бучадағыдай жағдай Ресейде де болар ма еді, кім біледі?! Мұның артында ағылшындар тұр, бәрібір. Олар бізге қарсы психологиялық «спецоперация» ұйымдастырып жатыр. Ресей шамалы кешіккенде, мына тұрған көрші облыстар (Ресейдің – ред.) ағылшындар бастаған әскери операцияның өтінде қалар еді...», - деп түсіндірді ойын Лукашенко.
Ал Путин болса, Украинаға қарсы соғыс ашудан басқа амалдың қалмағанын тағы айтты.
«Украинада күш алған антиресейлік көңіл-күй бізге қарай соғыс боп бас салар еді. Бұл соғыстың әйтеуір басталары анық еді. Ерте ме, кеш пе, бәрібір текетірес болар еді. Сондықтан Донбасты азат ету үшін бастаған «арнайы операциямыз» жеңіске жетеді. Ресей әскері жанқиярлықпен ұрыс жасап жатыр», - деді Путин брифингте.