Air Astana басшысының әйелі Англияға көшетіндерін айтты
Фостер Англияға көшетіндерін хабарлады. Бұған дейін оның күйеуімен жасалған келісім шарттың созылмауы мүмкін екені туралы әңгіме тараған еді деп хабарлады turkystan.kz ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.
«Уақыт қандай жүйрік десеңізші… Жақында мен балаларыммен Англияға көшем. Мен ол елде де бәрінің керемет болатынына сенемін, десек те сәл жүрексінем», - деп жазған Татьяна Фостер әлеуметтік желідегі күйеуімен түскен видеосында.
Желі қолданушысы Талғат Жолдыбаев Facebook-пабликтегі «Kazakhstan Aviation! Авиация Казахстана!» жазбасының скриншотын жариялап, астына «Фостердің келісім шарты созылмай жатыр дейіді» деген түсінік қалдырған.
Фостер Air Astana компаниясын 2005 жылдан бері басқарып келеді.