«Қазақтелеком» АҚ-ның 28,8% акциясы мемлекет меншігіне қайтарылатын болды
«Қазақтелеком» АҚ-ның 28,8% акциясы мемлекет меншігіне қайтарылатын болды
Үкімет «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы қаулы қабылдады деп жазды turkystan.kz.
«Сыйға тарту шарты бойынша, «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының жарғылық капиталының 24,95%-ын құрайтын 2671481 акциясын республикалық меншікке беру туралы Skyline Investment Company S.A. жеке компаниясының ұсынысы қабылдансын», — делінген қаулы мәтінінде.
Сонымен бірге, Үкімет қаулысында «Alatau Capital Investment» ЖШС сыйға тарту шарты бойынша қоғамның жарғылық капиталының 3,85%-ын құрайтын қоғамның 413412 акциясы республикалық меншікке берілетіні айтылған.
Еске сала кетейік, бұған дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Үкіметке «Қазақтелеком» мемлекеттік корпорациясын демонополизациялауды ұсынған болатын.