«Kesh You» тобының қыздары Украинаға ән арнады (ВИДЕО)

«Kesh You» тобының қыздары Украинаға ән арнады (ВИДЕО)

«Kesh You» тобының қыздары Украинаға ән арнады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Атышулы «Kesh You» тобының қыздары Украинаға ән арнап, желі қолданушыларының ықыласына бөленді. «Соғысқа жол жоқ, біз бейбітшілікті таңдаймыз!» деп әндеткен қыздардың видеосын қазірдің өзінде 121 401 адам қараған деп хабарлады turkystan.kz. Баян Алагөзованың қарамағында жұмыс істейтін қыздар бұл бейнебаянда Тина Карольдің әнін украин тілінде орындап, соғыстың ортасында қалған халыққа қолдау білдірді.
«Украин халқының тағдыры көзі ашық, көкірегі ояу жанды бей-жай қалдырмасы анық. Продюсерлеріміз @bayanmaxatkyzy мен @bagym_m бас болып, жапа шеккен халыққа қолдау ретінде Тина Карольдің әнін орындап шықтық. Тыңдап, бағасын беріңіздер», –  деп жазылған КeshYou тобының парақшасында.
Айта кетейік, Баян Мақсатқызының ең танымал жобасы бүгін 17 жасқа толды.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Bayan Sulu Maxatkyzy (@bayanmaxatkyzy)