Алматы облысындағы аудан әкімдерінің жалақысы қанша?

Алматы облысындағы аудан әкімдерінің жалақысы қанша?

Алматы облысындағы аудан әкімдерінің жалақысы қанша?
ашық дереккөзі

Алматы облысындағы кей аудан әкімдерінің жалақысы белгілі болды деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Алматы облысында ең жоғары жалақыны Талдықорған қаласының жаңа әкімі Әсет Масабаев алады. Оның жалақысы - 866 мың теңге. Панфилов ауданының жаңа әкімі Марат Сағымбек айына 778 мың теңге алады. Ақсу ауданының әкімі Есім Базарханов та осындай жалақы алады. Кеген ауданының әкімі Талғат Байеділов те осыған жақын, ай сайын 775 мың теңге алады. Ең аз жалақыны Еңбекшіқазақ ауданының жаңадан тағайындалған әкімі алады. Оның айлық жалақысы - 703 мың теңге. Ал аудан әкімдері арасындағы ең жоғары жалақы Талдықорған қаласының бұрынғы әкімі, қазіргі Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаевта. Ол ай сайын 785 мың теңге алады екен. Көксу ауданы әкімі қанша жалақы алатыны белгісіз. Сауалға ресми жауапта Алмас Әділдің толық жалақысы ғана көрсетілген. Оған айына 952 мың теңге төлеу белгіленген. Бірақ бұл сомадан зейнетақы мен медициналық аударымдар ұсталады. Нәтижесінде, өзге әріптестерінің деңгейінде жалақы алады. Тағы оқи отырыңыз: Алматы облысында қызметкерлерінің жемқорлығы үшін 4 басшы отставкаға арыз берген