Қаржыны дұрыс игермеген министрліктер анықталды
Қаржыны дұрыс игермеген министрліктер анықталды
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бюджет қаражатын дұрыс игермеген министрліктерді атады. Олардың қатарында: Денсаулық сақтау, Мәдениет және спорт, Сыртқы істер, Экология, геология және табиғи ресурстар секілді министрліктер бар деп хабарлады turkystan.kz.
Жамаубаевтың айтуынша, ақшаның игерілмей қалуына бірнеше себеп бар. Мәселен, белгіленген айда қаржыны жұмсауға қажеттілік болмауы, келісімшарт жасау уақытының ұзаққа созылуы, тиісті мекемеге шот-фактураларды дер кезінде ұсынбауы, бюджет қаражатын уақтылы ұсынбауы және т.б.
«Игерілмеген қаржы көлемі 20 млрд теңге. Оның 5 млрд теңгесі үнемдеу мақсатында жұмсалмаған. Ал қалған 15 млрд теңге Денсаулық сақтау, Мәдениет және спорт, Сыртқы істер және Экология министрліктеріне тиесілі. Аталған министрліктер осы қаржыны игермеген», – деді ол.