Ресей мен Украина қай кезге дейін соғысуы мүмкін?

Ресей мен Украина қай кезге дейін соғысуы мүмкін?

Ресей мен Украина қай кезге дейін соғысуы мүмкін?
ашық дереккөзі
Украина Президенті кеңсесінің кеңесшісі  Алексей Арестович Ресеймен соғыстың қашанға дейін жалғасатыны туралы болжам жасады. Ол Ресей мен Украина 7-8 жыл сайын соғысуы мүмкін екенін айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Ресеймен соғыс кезең-кезеңмен 2035 жылға дейін жалғасуы мүмкін. 2-3 жылда бір кішігірім қақтығыстар болуы ықтимал. Ал 7-8 жылда ірі соғыстар болуы мүмкін. Бұл дегеніміз, Израиль-Араб шайқасы секілді сұрапыл. Сондықтан бұл жағдайға кей азаматтар дайын болмаса, өздеріне қолайлы, жылы жаққа кеткені дұрыс. Мәселен, Испанияға. Өз басым отбасымды ешқайда алып кетпеймін. Мен өз жерімде қаламын», – деді Арестович.
Ол бұған дейін Ресейдің соғыс ашатынын айтқан болатын. Тағы оқи отырыңыз: Зеленский тағы да елді елең еткізерлік мәлімдеме жасады