Супермаркетте ұялы телефон ұрлап кеткен тұрғын ұсталды (ВИДЕО)

Супермаркетте ұялы телефон ұрлап кеткен тұрғын ұсталды (ВИДЕО)

Супермаркетте ұялы телефон ұрлап кеткен тұрғын ұсталды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Күдікті сақтау камерасының ұяшығына кілтті сәйкестендіріп алған деп хабарлады turkystan.kz Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті таратқан ақпаратқа сілтеме жасап. «Күндізгі уақытта «Магнум» супермаркетінде болған әйел сақтау камерасының жанындағы сатып алушылардың көптігін пайдаланып, бос ұяшықтың кілтін алып, басқа ұяшықты ашып алған. Ол алып шыққан сөмкеде құны 450 мың теңге тұратын «Айфон 12» телефоны болған. Бейнебақылау камераларының көмегімен полиция қызметкерлері ұрлық жасаған күдіктіні ұстаған. Ол 39 жастағы елорда тұрғыны болып шықты», - деп жазылған хабарламада. Осыған байланысты «ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Заттай дәлелдемелер тәркіленді, күдікті мойындау көрсетпелерін берді. Астана аумағында бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Нұр-Сұлтан қ. ПД (@police_nur_sultan)