Елорда тұрғындарына газ жүйесіне қосылуға 400 мың теңге берілетін болды

Елорда тұрғындарына газ жүйесіне қосылуға 400 мың теңге берілетін болды

Елорда тұрғындарына газ жүйесіне қосылуға 400 мың теңге берілетін болды
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтанда 11 сәуірден бастап тұрғындарға үйлерін газ жүйесіне қосу үшін берілетін әлеуметтік көмек мөлшері ұлғайтылды деп жазды turkystan.kz. Бұл бастаманы қала әкімі Алтай Көлгінов ұсынды. Бұрын әлеуметтік аз қамтылған санаттарға 90 АЕК мөлшерінде ақшалай көмек бөлінетін. Бұл - 260 мыңнан астам теңге. Енді осы әлеуметтік көмектің мөлшері 130 АЕК-ке дейін – 410 мың теңгеден астам сомаға ұлғайтылды. Әлеуметтік көмекті арттыру туралы ұсынысты қалалық мәслихат қолдады. Әлеуметтік көмектің бұл түрін алуға өтінімді egov.kz порталы арқылы беруге болады. Еске сала кетейік, елордада жеке секторды газдандыру жұмысы жалғасып жатыр. Осы уақытқа дейін Алматы және Сарыарқа аудандары толығымен газдандырылып бітті. Ол үшін қалада 680 шақырымнан астам газ тарату желілері салынды. Желілер 9 елді мекенге жеткізілді. Қалған екі аудан бойынша газ тарату желілерін салу жұмысы кезең-кезеңмен жүргізілетін болады. Елорданы газдандыру қала экологиясын айтарлықтай жақсартуға әсер етеді. Қазіргі уақытта 3 мыңнан астам отбасы газға көшті. Бұл қазірдің өзінде 40 мыңнан аса отбасы үйін жылыту үшін көмірден бас тартқан дегенді білдіреді. Газға қосылған үйлердің саны күн сайын артып келеді. Сонымен қатар, ЖЭО-1 және ЖЭО-2-дегі барлық су жылыту қазандығы газға ауыстырылды.