СҚО-да 18 жастағы қыз жардан құлап кетті (ВИДЕО)

СҚО-да 18 жастағы қыз жардан құлап кетті (ВИДЕО)

СҚО-да 18 жастағы қыз жардан құлап кетті (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Петропавлда полицейлер мен құтқарушылар жардан құлап кеткен 18 жастағы қызды құтқарды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Заречный ауылының тұрғыны Есіл өзенінің қарсы жағасында адам жатқанын көріп, бұл туралы «102» арнасына хабарлаған. Кейін ақпарат жақын маңдағы құрамында инспектор Ерік Жетубаев пен Петропавл патрульдік полиция батальонының аға инспекторы Төлеген Алдабергенов бар автопатрульге берілген. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлеріне тұрғын көмектескен.

«Бірнеше минут ішінде біз 30 метрлік тік жардан төмен түстік. Жағада жатқан 18 жастағы қыз болып шықты. Қатты тоңып қалмауы үшін киімімізді кигізіп, оны көтере бастадық. Алайда жағадағы саз көтерілуге кедергі болды. Жағдайды радио арқылы Жедел басқару орталығына хабарлап, құтқарушылар мен жедел жәрдем шақыруды өтіндік», - деді Төлеген Алдабергенов.

Құтқарушылармен бірге қыз қауіпсіз жерге шығарылған. Медицина қызметкерлері дер кезінде келіп, қажетті көмек көрсеткен. 18 жастағы қыздың Жеңіс саябағы маңында жардан құлап кеткені анықталды. Қазір қыздың өміріне қауіп жоқ. Ол отбасына аман-есен оралған.

Тағы оқи отырыңыз: «Қар суымен ағып келген»: Қарағандыда қоқыс пакетінен сәби табылды