«Қаланың атын ауыстыру туралы сөз болған жоқ» - Петропавл қаласының әкімі

«Қаланың атын ауыстыру туралы сөз болған жоқ» - Петропавл қаласының әкімі

«Қаланың атын ауыстыру туралы сөз болған жоқ» - Петропавл қаласының әкімі
ашық дереккөзі
Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабеков қаланың атын өзгерту туралы айтты деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы ол өзінің Facebook-тегі парақшасында айтты.
«Мен әлеуметтік желіде Петропавл қаласының атауын өзгерту туралы онлайн-петицияның болып жатқанын көріп отырмын. Бұл петицияны азаматтар өз бетінше мемлекеттік емес сайтта жасаған. Оған мемлекеттік органдардың ешқандай қатысы жоқ. Сондықтан ресми түрде қала әкімдігінің күн тәртібінде қайта атау туралы мәселе көтерілген жоқ», - деді қала әкімі.
Әкім егер қала атын өзгерту туралы мәселе туындап жатса,  бәрі заң аясында шешілетінін айтты. Тағы оқи отырыңыз: Петропавл мен Павлодардың атын ауыстыруды 13 мыңнан астам адам қолдады