Елордада өзін өртеген әйелге қатысты тың мәлімет жарияланды

Елордада өзін өртеген әйелге қатысты тың мәлімет жарияланды

Елордада өзін өртеген әйелге қатысты тың мәлімет жарияланды
ашық дереккөзі
Елордадағы Ішкі істер министрлігі ғимараты жанында әйел өз-өзін өртеп жіберді, деп хабарлады turkystan.kz Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«11 сәуір күні сағат 16:38-де «102» пультіне ҚР ішкі істер министрлігі ғимаратының жанында бірнеше әйел өзін-өзі өртегелі жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен «Алматы» ауданы әкімдігінің өкілі келді. Наразылық білдірушілер Алматы қаласында болған қылмыстық іске қатысты шара қабылдаудан бас тартқан жағдайда өз-өздерін өртейміз деп мәлімдеді», - делінген хабарламада.
Қалалық департаменттің мәліметінше, полиция қызметкерлері жиналғандарға жағдайды түсіндіруге тырысқан.
«Сол сәтте ұйымдастырушылардың бірі өзіне сұйықтық шаша бастаған. Өз кезегінде учаскелік полиция инспекторы әйел өзін өртеуге жол бермеу үшін жедел әрекет етті. Дегенмен өрт әйелді шарпып үлгерді. Зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жатқызылды. Сонымен қатар полиция қызметкері де қолын күйдірді», - дейді баспасөз қызметі. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.