АҚШ Ресейге салынған санкциялардың Қазақстанға әсерін барынша жұмсартуға тырысады

АҚШ Ресейге салынған санкциялардың Қазақстанға әсерін барынша жұмсартуға тырысады

АҚШ Ресейге салынған санкциялардың Қазақстанға әсерін барынша жұмсартуға тырысады
ашық дереккөзі
АҚШ Ресейге салынған санкциялардың Қазақстанға әсерін барынша жұмсартуға тырысады. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік хатшысы Узра Зеямен кездесуден кейінгі брифингіде ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Мәселе шынымен де өте күрделі, байыпты. Қазір ғана АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары атап өткендей, АҚШ Ресейге, бірқатар тұлғаға теңдессіз санкция салып отыр. Елдеріміздің арасында терең интеграцияның, әлемдегі ең ұзын шекараның болуына байланысты бұл санкциялардың әсерінен тысқары қалмайтындығымыз сөзсіз. Мұны қазірдің өзінде баға қалыптасу саясатынан, дүкендердегі ахуалдан байқап жүрсіздер», - деді министрдің бірінші орынбасары БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Ол Қазақстан Үкіметі АҚШ өкілдерімен барлық деңгейде қарқынды келіссөз жүргізіп жатқанын атап өтті.