Жаңалықтар

«Көтенбас келін, далб... бала»: ақсақалдың батасы қызу талқыланып жатыр (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

«Көтенбас келін, далб... бала»: ақсақалдың батасы қызу талқыланып жатыр (ВИДЕО)

Желіде әлдебір ақсақалдың көкпар ұйымдастырған адамға берген батасы қызу талқыланып, елдің ашуын туғызды деп хабарлады turkystan.kz caravan.kz-ке сілтеме жасап. Ел алдында қол жайған ел ағасы былай деп бата берген еді: «Құдай сені, оттан, судан, апаттан, көзден, тілден, ауыр қайғыдан, ауыр дерттен, жол апатынан, өтірік айтқаннан, имансыз шалдан, разборкы кемпірден, далбоеб баладан сақтасын. Ұятсыз бұттан, көтенбас келінен сақтасын», - деп бет сипады. Көпшілік: «Батасынан бар болайын, осындай кісіден қандай ұрпақ тарағаны сөзінен байқалып тұр, астапыралла, үлкен дейді-ау, ұят-ай», «Осындай жасқа келіп миы жеткен жері осы болып тұр ғой, жастарға беріп жатқан үлгісі», «Іріген ауыздан шіріген сөз шығады», «Сіз сияқты шалдан сақтасын» деген сынды пікірлер жазды.