AMANAT партиясының мобильді қоғамдық қабылдаулары Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарына барды
AMANAT партиясының мобильді қоғамдық қабылдаулары Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарына барды
Биыл наурыз айынан бастап партияның мобильді қоғамдық қабылдауларына 147 шалғай ауылдың 1500-ден астам тұрғыны жүгінді.
«AMANAT» партиясының мобильді қоғамдық қабылдау бөлмелерінің аймақтарға сапары жалғасуда. Бүгін партия мүшелері Түркістан және Солтүстік Қазақста облыстарына барды. Қабылдауға бір күнде 250-ге жуық азамат келіп, барлығы 10 шалғай елді мекен қамтылды.
Кезектен тыс ХХІІ съезде партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев партия жұмысын қайта жандандыруды тапсырып, партияның қоғамдық қабылдау бөлмелері шағымдармен ғана емес, елді дамыту бойынша нақты идеялармен келетін азаматтар үшін тартымды орынға айналуы тиіс екенін атап өтті.
«AMANAT» партиясы Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі меңгерушісінің орынбасары Азамат Біржанов көшпелі мобильді топтардың басты міндеті –тұрғындардың түйінді мәселелерді алға тартып келуін күту емес, оларға өздері бару екенін атап өтті.
«Шалғай ауылдардың тұрғындары үшін облыс орталығына жету үшін 300 шақырымды жүріп өту қажет. Ал жолдың нашарлағыннан қарттар мен көлігі жоқ адамдар үшін діттеген жеріне жету тіптен қиын. Сондықтан алдағы уақытта мобильді қоғамдық қабылдаулар Қазақстанның барлық өңірлерін аралайды», - деді ол.
Мәселен, Түркістан облысына қарасты Жеңіс ауылының тұрғыны Әуескүл Үздеубай ауылдық емхана жанынан дәріхана ашылуына көмек көрсетуді сұрады.
«Елімізде газ мәселесі өзекті. Ауылымыз шағын, 420 үй бар. Егер газ берілсе, тұрмысымыз жеңілдеп қалар еді. «AMANAT» партиясының осылай халықпен кездесулер өткізуі игілікті іс», - деді ақсақал.
Өз кезегінде Жеңіс ауылының тұрғыны Әділбек Усманов су тапшылығы мен оның қымбаттығына назар аударды.
«Р-6 каналы» 1967 жылы құрылып, су сыйымдылығы секундына 2000 куб текше метр болған. Қазіргі таңда 1400 метрге азайған. Арықтың бойында жүзден астам шаруа қожалық бар. Жаңа жайылым жерлерге су жеткізу қиын. Сонымен қатар, мың текше метр үшін тариф 800 теңге алады, бұл - өте көп. Барлық су арналарына күрделі жөндеу қажет. Ал сапалы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін арнайы мамандар мен жергілікті тұрғындардан бақылау комиссиясы болуы қажет. Мәселе шешіледі деп үміттенеміз», – деді ол.
Аманаттықтар Түркістан облысына қарасты Жеңіс, Ақтөбе, Темір, Қарақоңыр және Қоғам сияқты барлығы 5 ауылға барды. Тұрғындарды фермерлік шаруашылықты субсидиялау, мектептер мен балабақша құрылысын жүргізу, жер телімдерін бөлу және басқа да мәселелер толғандырады.
Осы күні «AMANAT» мобильді бригадалары Солтүстік Қазақстан облысындағы шалғай елді мекендердің тұрғындарын қабылдады. Партия мүшелері Келлеровка, Имантау, Ясная Поляна, Далматово, Қиялы ауылдарында болды.
«AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне жыл басынан бері 40 мыңнан аса адам жүгінген. Тұрғындарды негізінен әлеуметтік қамсыздандыру – 32%, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 14%, тұрғын үймен қамтамасыз ету және жер учаскелерін бөлу – 11% толғандырады. Мемлекеттік органдардың басшылары мен түрлі деңгейдегі депутаттар 8 мыңнан астам қабылдау өткізіп, оның барысында 22 мың адам қабылданды.
Еске сала кетейік, тұрғындар өздерін мазалаған мәселелері бойынша «AMANAT» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесіне келесі байланыс нөмірлері арқылы хабарласуына болады:
Call-орталық: 8 800 080 4441 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін);
WhatsАpp: 8 700 800 4441