Ысқақ Егембердиев «Айқын-Литер» ЖШС-нің басшысы болып тағайындалды

Ысқақ Егембердиев «Айқын-Литер» ЖШС-нің басшысы болып тағайындалды

Ысқақ Егембердиев «Айқын-Литер» ЖШС-нің басшысы болып тағайындалды
ашық дереккөзі
Журналист Ысқақ Егембердиев Nur Media медиахолдингіне қарасты «Айқын-Литер» ЖШС-нің директоры болып тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz. Ысқақ Егембердиев​ 1983 жылы дүниеге келген. Білімі - жоғары. Экономика магистрі, PhD докторанты. 2000-2004 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. ​ Одан кейін​ 2005-2007 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика магистрі біліктілігі мен академиялық дәрежесін алған. Еңбек жолын 2000 жылы Қарағанды облысы Жезқазған қаласының ​ «Сарыарқа», «Мысты өңір»​ ​ ​ ​ газеттерінде тілші болып бастаған. 2003-2004 ж.ж.​ «Қазақ университеті»,​ «Жас Алаш»​ газеттерінің тілшісі қызметтерін атқарған. 2005-2019​ жылдары аралығында​ «Хабар» агенттігінде сценарист, редактор, шеф-редактор, продюсер, жоба жетекшісі болып еңбек еткен. 2019 сәуірінен бастап «Атырау-Ақпарат» ЖШС директорының орынбасары, бас директоры қызметін атқарып келді. Мұнайлы өңірдегі жасампаздық еңбегі «Атырау-Ақпарат» медиахолдингі директорының орынбасары, бас директоры болған сәттерде жоғары жетістіктерімен өрнектелді. Сондай-ақ мемлекеттік саясатты түсіндіру мен насихаттауда өзіндік елеулі орны бар холдингте дәстүрлі журналистикамен бірге интернет медиа да қарышты дамып келеді. Оған қоса, серіктестік шаруашылық, өндірістік, қаржылық бағыты да жетістіктерге жетуде.