Шындықты айтамын деген Ресей депутатының басы дауға қалды (ВИДЕО)

Ресейдің Мәскеу қалалық Думасының депутаты, «Яблоко» партиясының бұрынғы төрағасы Сергей Митрохин әріптестеріне Украинадағы қарулы қақтығысқа қатысты мәлімдеме жасап, Ресей билігінің басқыншылық саясатын сынады деп хабарлады turkystan.kz.

Ол Украинадағы «әскери операцияны» қолдап жатқандардың қатты өкінетінін, қарулы қақтығыста жүздеген, тіпті мыңдаған адамның ажал құшатынын айтты.

«Соңғы сегіз жылда бір жақты ақпарат беріліп келді. Сол кезде екі жақтан да қаза тапқандар болды. Бірақ, ол туралы ешкім тіс жармайды», – деді ол.

Одан әрі ол Ресейдің Шығыс Украинадағы сепаратистерді жасырын түрде қолдағанын ешкім айтқысы келмейтінін, «әскери операция» туралы шындықты білу үшін әлі көп уақыттың керек екенін атап өтті.

Осы мәлімдемеден кейін депутатты әріптестері мен басқа да Украинадағы қарулы қақтығысты қолдап жатқандар сынап жатыр.

Тағы оқи отырыңыз: Ресейде екінші «Жириновский» шықты

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button