Аустралияда коалаға жойылып кету қаупі төнді

11 сәуір, 2022 / Өтей Торғайұлы
ашық дереккөзі
Аустралияда коалаға жойылып кету қаупі төнді Себебі орман өрті, құрғақшылық және құрылыстардан соңғы жылдары жасыл құрлықта бұл жануарлардың қарасы 35%-ға азайған деп хабарлады turkystan.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. Аустралия билігінің мәлімдеуінше, елдің шығыс жағалауындағы 3 аймақта 2050-ші жылға таман коалалар  құрып кетуі мүмкін. Үкімет апаттың алдын алу үшін оларды қорғауға 50 миллион доллар бөлген. Бірақ табиғатты қорғаушылар шара жыртқыштарды қорғап қалуға жеткіліксіз деп отыр.