Курил аралының тұрғынын аю талап өлтірді

Курил аралының тұрғынын аю талап өлтірді

Курил аралының тұрғынын аю талап өлтірді
ашық дереккөзі
Курилдегі Итуруп аралында 33 жастағы жергілікті тұрғынды аю талап өлтірді. Орманшылар ашулы аюдың көзін жойғанын мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz baq.kz-ке сілтеме жасап. Марқұм болған ер адам сенбіде 3 досымен бірге микроавтобуспен табиғат аясына шыққан. Бірақ Рейдово елді мекенінен 20 шақырымдай жерде көліктері бұзылып қалған. Ер адамдар өздеріне келген құтқарушыларға төтенше жағдай туралы хабарлаған. Бұл уақытта араларындағы бір жігіт көмек іздеп кетіп, сол бойы оралмаған. Жоғалған азаматтың денесін көмекке келген волонтерлер жексенбі күні таңертең тапқан. Оны талап өлтірген аю сол жерде болған. Курил орман шаруашылығының қызметкерлері ашулы аюды атып өлтірді.