«Мал екен»: әйелді ұрған сақалды жігіт сынға қалды (ВИДЕО)

«Мал екен»: әйелді ұрған сақалды жігіт сынға қалды (ВИДЕО)

«Мал екен»: әйелді ұрған сақалды жігіт сынға қалды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желіде шаштараз салонында сақалды ер адамның әйелге қол жұмсап, сынға қалған видеосы тарап жатыр деп хабарлады turkystan.kz. Бұл жайлы бейнежазбаны Ләззат Ғұсманқызы есімді Facebook-ті белсенді қолданушы жариялады.
«Еңгезердей, сақалы бар, мұрты жоқ біреу дәу жұдырығымен шаштараз қызды бір соқты. Әйелді ұрып-соғу үйреншікті ісі екені білініп тұр. Тіпті, қасындағы баласы да мыңқ етпеді. Шаштараздағы әйелдер полиция шақыртудың орнына жуып-шайып, мәймөңкелетіп жатыр. Отырыңдар, кім-көрінгеннен таяқ жеп онда» деп жазды ол.
Осы видеоны көрсеткеннен кейін сақалды жігітті сынаған пікірлер жарияланған.
«Мына видеоның өзі қылмыстық іске дәлел! Полицияға шағымдансын. Жазасын алады», «Мал екен», «Арыз жазып, істі қылу керек. Соңына дейін жеткізсе, екінші қайталанбайды» деген мағынада сынаған онда әйелге қол жұмсаған адамды.
Ал видеоны кімнің қай жерде түсіргені айтылмаған. Тағы оқи отырыңыз: Елордада лауазымды тұлғаның туысы моншада әкімші әйелді ұрды (ВИДЕО)