Жаңалықтар

Қазақстандық журналист Аустралияда қайтыс болды

ашық дереккөзі

Қазақстандық журналист Аустралияда қайтыс болды

Аустралияның Сидней қаласында тұратын қазақстандық журналист Тимур Әбдіқадыр 10 сәуірде ауыр сырқаттан кейін қайтыс болды деп жазды turkystan.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Тимур бір ай бұрын коронавирустың жеңіл түрімен ауырған. Бұл ауруға қарсы екпені де алған. Алайда 29 наурызда жұмыста тыныс алуы қиындап, ауруханаға түскен. Дәрігерлік тексеруден кейін журналистің қан тамыры жарылып, миына қан құйылғаны белгілі болған. Алғашында дәрігерлер оған мамандандырылған емханада ота жасауды жоспарлаған. Бірақ оның жағдайы тез нашарлап, көп ұзамай ол жұмысқа жарамсыз болып қалған. Осы уақыт бойы ол жасанды тыныс алу аппаратында жатқан. Тимур қайтыс болғаннан кейін жақындары оның мүшелерін мұқтаж 4 адамға трансплантациялауға келісім берген. «Бұл жаққа келу қиын болды. Ең бастысы, Тимурды көріп үлгердік. Балам бізді күтіп жатыпты. Біз келгенде температурасы қалыпты болған. Кейін температурасы көтеріліп, жағдайы нашарлай бастады. Кеше ол дүниеден озды. Содан кейін біз келісімге қол қойдық. Тимур 4 адамның өмірін құтқарады. Мүмкін, 4 ана балаларының өлімі туралы естімейді», – деп бөлісті Тимурдың анасы Надежда Любушкина. Тимур Әбдіқадыр 5 жыл бұрын Аустралияда жұмыс істеп, отбасына көмектесу үшін кеткен. Бұл уақытқа дейін елімізде журналист, диктор, диджей болып жұмыс істеген. Ол еңбек жолын КТК телеарнасынан бастап, кейін «Европа плюс», Love Radio сынды белгілі радиоларда, «Еуразия бірінші арнасында» және «31 арнада» жұмыс істеген. Анасы баласының еміне миллионға жуық ақша жинаған барша қазақстандықтарға алғысын білдірді. «Қазақстан халқына алғысым шексіз. Халық жинаған ақшаның арқасында ұлымды соңғы рет көріп, құшақтап алдым», – деді Тимурдың анасы.