Жаңалықтар

«Намыстарың жоқ»: орыстың баласы қазақтарды сынап тастады (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

«Намыстарың жоқ»: орыстың баласы қазақтарды сынап тастады (ВИДЕО)

Желіде орыстың бозбаласының қазақша білмейтін, білсе де сөйлегісі келмейтін қазақтарды сынаған видеосы шықты деп хабарлады turkystan.kz. «Бір-біріңмен орысша сөйлесетін қазақтар, сендердің намыстарың жоқ. Ұяттарың жоқ. Арларың жоқ. Тілдерің қайда жатыр? Сендер тілдеріңді құрметтемесеңдер, сендерді кім құрметтейді?!» - деді аты белгісіз орыстың бозбаласы. Instagram-дағы arman_shorai аккаунтында видео «Міне, азамат!!!» деп берілген. Ол көп адамға ұнаған секілді. Оған «лайк» басушылар да өз ойларын жазған. Соның ішінде «Қазақтарға осылай басып айтпасаң, түсінбейтін секілді» деген мағынадағы пікірлер жарияланған.