«Қырғыз Республикасы қазақ сарбазының өліміне қатысты тергеуді бастады» – ҰҚК

«Қырғыз Республикасы қазақ сарбазының өліміне қатысты тергеуді бастады» – ҰҚК

«Қырғыз Республикасы қазақ сарбазының өліміне қатысты тергеуді бастады»  – ҰҚК
ашық дереккөзі
Қырғыз Республикасы қазақ сарбазының өліміне қатысты тергеу іс-шараларын бастады. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, Ұлықбек Айдарбекұлы Бердишовтің денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ деп жазады turkystan.kz.
«2022 жылғы 10 сәуірде ҰҚК Шекара қызметі 2 наурызда жоғалып кеткен қатардағы жауынгер Ұлықбек Айдарбекұлы Бердишовті іздеу барысында оның мәйітін тапты. Жоғалған сәттен бастап Жамбыл, Қызылорда және Алматы облыстарының аумағын қамтыған. Оның ішінде Бердишовтің келген туыстарымен бірлесе үздіксіз іздеу іс-шаралары ұйымдастырылды. 9 сәуірде Қырғыз Республикасының шекарашылары шекара сызығынан 2 шақырым жерде қалған әскери киім үлгісінің элементтері табылғаны туралы хабарлады. Осы факті бойынша Қырғыз Республикасы Шу облысы Панфилов ауданының ІІБ тергеу іс-жұмысын бастады. Алдын ала диагнозы: механикалық асфиксия, зорлық-зомбылық  белгілері жоқ. 2022 жылғы 11 сәуірде Шекара қызметі мәйітті ата-аналарының тұрғылықты жері бойынша Қызылорда облысына жеткізуді ұйымдастырды», – делінген ҰҚК-нің хабарламасында.