«Қазақстанда 129 мамандық жойылады» - Саясат Нұрбек

«Қазақстанда 129 мамандық жойылады» - Саясат Нұрбек

«Қазақстанда 129 мамандық жойылады» - Саясат Нұрбек
ашық дереккөзі
Елімізде бухгалтер және кітапханашы мамандықтары жойылады. Бұл пікірді Мәжіліс депутаты Саясат Нұрбек журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Қазақстанда 129 мамандық жойылады. Бір-екі мысал келтіріп өтейін. Бірінші бухгалтерлер ақырындап кете бастайды. Екіншіден, учетчик пен қоймашылар (складовщик) кетеді. Неге десеңіз, қазір бәрі автоматтандырылған жүйелерді көп қолданып жатыр. Үшіншіден, өндірісте жүрген аккумуляторшылар, концентраторщиктер. Тағы да мысал, кітапханашыларды айтуға болады. Оларда да бәрі автоматтандырылған жүйеге көшіп жатыр. Одан кейінгі кезекте нотариаттар. Елімізде  4500 нотариус бар. Қазір Әділет министрлігі автоматтандырылған нотариус жүйесін енгізіп жатыр. Олар алдағы 4-5 жылда не заңгер, не юрисконсульт болуы керек. Сондықтан елімізде көп нотариус керек болмай қалады», - деді депутат.