Алматыда жедел-құтқару жасағы тауда жоғалған туристерді тапты

Алматыда жедел-құтқару жасағы тауда жоғалған туристерді тапты

Алматыда жедел-құтқару жасағы тауда жоғалған туристерді тапты
ашық дереккөзі
Республикалық жедел-құтқару жасағы Алматы тауларында жоғалған туристерді қызметтік иттің көмегімен тапты деп жазды turkystan.kz. Бұл туралы РЖҚЖ баспасөз қызметі Instagram-дағы ресми парақшасында мәлімдеді. Олардың мәліметінше, жоғалу туралы қоңырау РЖҚЖ-ның кезекші-диспетчерлік бөліміне 10 сәуір күні кешке түскен. Ким-Асар шатқалында жоғалған ер адам мен әйелді іздеуге арнайы топ кинологиялық экипажбен бірге шықты. Іздеу барысында ұялы байланыс қалпына келтіріліп, жоғалған адамдардың нақты орналасқан жері анықталды.
«Қызметтік іздеуші ит Эра адамдардың дауысын бірінші болып естіп, алға қарай жүгіріп кетті. Ол адамдар тұрған жерден үріп құтқарушыларға белгі берді», – деп мәлімдеді құтқарушылар.
Зардап шеккендерге жылы киімдер беріліп, аман-есен қалаға жеткізілді.