Беларусь Президенті Александр Лукашенконың бетіне доптаяқ соққысы тиді (ВИДЕО)

Беларусь Президенті Александр Лукашенконың бетіне доптаяқ соққысы тиді (ВИДЕО)

Беларусь Президенті Александр Лукашенконың бетіне доптаяқ соққысы тиді (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Беларусь Президенті Александр Лукашенконы президенттік спорт клубының жүлдесі үшін өткен республикалық әуесқойлар сайысының финалдық ойынында доптаяқпен бетінен соғып кетті деп жазды turkystan.kz. Қарсылас аймағында шайба үшін талас кезінде Лукашенко басқа команданың ойыншысымен соқтығысып қалды. Оның қарсыласы доптаяғын биік көтеріп ойнаған. Соның салдарынан Мемлекет басшысының бетіне соққы тиген. Лукашенко алаңнан өз бетімен кетіп, қосалқы ойыншылардың орындығына жайғасты. Оған сол жерде медициналық көмек көрсетілді. Президенттің бетінен ұрған 7-нөмiрлi ойыншыға қарсы санкциялар қолданылған жоқ. Лукашенко командасы республикалық әуесқойлар сайысының финалында Минск облысының хоккейшілерін 5:1 есебімен ұтты.