ШҚО-да балық жаппай қырылды

ШҚО-да балық жаппай қырылды

ШҚО-да балық жаппай қырылды
ашық дереккөзі
Балық шаруашылығы комитетінің Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мәліметінше, Ушанов ауылында орналасқан тоғанда балық жаппай қырылған деп хабарлады turkystan.kz.
«Тоғанның аумағы 1,8 гектарды құрайды. Оқиға орнына бірден инспекция мамандары барып, мониторинг жүргізді. 40 келі өлі мөңке балық жиналды. Сондай-ақ зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін балық пен судан сынама алынған», - делінген хабарламада.
Мамандар оттегі мен температура көрсеткіштеріне өлшемдер жасап, жиналған балық санитарлық нормаларға сәйкес кәдеге жаратылған.