«Тағдырымызды татардың қатыны мен Путин шешіп тұр» – экономист

Қазіргі экономикалық жағдайда Қазақстанның теңгесі ештеңені шешпейді. Бұл туралы сарапшы, экономист Сәбит Рысбаев Facebook-те жазды. Оның сараптауынша, рубль өссе – өсіп, өшсе –  өшеді екенбіз деп хабарлады turkystan.kz.

«Мұнайдың бағасы 100 доллардан асты, десе де бұл – мұнайдың Brent деген түрі. Біздің ауыл жақтың мұнайы және Ресейдікі Urals деген маркамен сатылады. Ол жақта қазір 30% жеңілдік болып жатыр. Жалпы, Urals үнемі Brent-тен арзан сатылатын. Бірақ мұншалықты арзан емес. Қазір енді Ресейдің кемелеріне порттар жабылды, санкция бар бағаларын төмендетпесе ешкім алмайды. Сосын біздің теңге ештеңе шешпейді. Бәрін «Центральный банк» шешеді. Рубль өссе, өсеміз, өшсе, өшеміз. Бізде таңдау жоқ. Тағдырымызды татардың қатыны Набиуллина мен Путин шешіп тұр», – деді Сәбит Рысбаев.

Айта кетейік, бұған дейін экономист Ресей қайтадан КСРО-ның жолын қуып жатқанын меңзеп, жемқорларға ақшаны қайда тығуға болатынын айтқан болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button