Ақтауда жол апатынан зардап шеккен бала комада жатыр

Ақтауда жол апатынан зардап шеккен бала комада жатыр

Ақтауда жол апатынан зардап шеккен бала комада жатыр
ашық дереккөзі
Кеше Ақтаудағы 17-шағынауданда орналасқан Green Park тұрғын үй кешеніне қарама-қарсы жерде жол апаты болды. Зардап шеккен 12 жастағы бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді деп хабарлады turkystan.kz mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап. Дәрігерлер оған шұғыл түрде ота жасады. Операция 1 сағат 20 минутқа созылды. Қазір зардап шегуші жасанды тыныс алу аппаратында жатыр. Дәрігерлер балаға ауыр ашық бас сүйек-ми жарақаты, самай сүйегі бас сүйегінің түбіне өтуімен депрессиялық сынуы диагнозын қойды. Сондай-ақ оң жақ жарты шардың жедел эпидуральды гематомасы, контузия және мидың ауыр ісінуі байқалды. Сонымен қатар, одан үлкен субарахноидальды қан кету және пневмоцефалия дамыды. Травмалық шок, ауыр постгеморрагиялық анемия алған. Бала бірінші дәрежелі комада.