«Ресей ауқымды операцияларға дайындалып жатыр» – Зеленский

«Ресей ауқымды операцияларға дайындалып жатыр» – Зеленский

«Ресей ауқымды операцияларға дайындалып жатыр» – Зеленский
ашық дереккөзі
Ресей шабуылды үдетпек. Сол үшін Украинаның шығысында әскери іс-қимылдарды күшейтіп жатыр деп хабарлады turkystan.kz. Украина Президенті Владимир Зеленский халыққа үндеуінде Ресей ауқымды әскери операцияларға дайындалып жатқанын айтты. Сондықтан Украина қорғануға бар күшін жұмсап, өз мемлекеттерімен бірге Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуді әрі қарай жалғастырады.
«Ресей әскері еліміздің шығысында ауқымды операцияларға көшкелі жатыр. Олар бізді зымырандармен атқылауды күшейтіп, әуе шабуылдарын үдетпек. Бірақ біз оларға жауап беруге дайынбыз», – деді Владимир Зеленский.