Ашулы Роналду жанкүйердің телефонын сындырып тастады (ВИДЕО)

Ашулы Роналду жанкүйердің телефонын сындырып тастады (ВИДЕО)

Ашулы Роналду жанкүйердің телефонын сындырып тастады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
«Манчестер Юнайтедтің» шабуылшысы Криштиану Роналду ағылшын премьер-лигасының 32-турындағы матчта (0:1) «Эвертоннан» жеңіліп, жанкүйерінің телефонын сындырып тастады деп хабарлады turkystan.kz aladopkz-ке сілтеме жасап. Матч аяқталған соң манчестерлік ұжымның ойыншылары киім ауыстыратын бөлмеге кетті. Алаңнан шықпас бұрын Роналду жанкүйерлердің бірінің телефонын ашу үстінде лақтырып жіберген. Кейінірек клуб Роналду мен жанкүйер арасындағы оқиғадан хабардар болғаны туралы ақпарат пайда болды. Журналист Лайлл Томас «Манчестер Юнайтед» бұл істі тергей бастағанын хабарлады. Айта кетсек, «Манчестер Юнайтед» осы маусымда 31 матчта 51 ұпай жинап, ағылшын премьер-лигасының турнирлік кестесінде 7-орында келеді.